Мысыр президенті Абдүлфеттах эс-Сиси Түркияда

Мысыр президентінің Түркия сапары 12 жылдан кейін жүзеге асқан алғаш сапар болу ерекшелігіне ие.

2182988
Мысыр президенті Абдүлфеттах эс-Сиси Түркияда

Мысыр президенті Абдүлфеттах әл-Сиси Президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен алғаш рет Түркияға ресми сапармен келді.

Президент Ердоған Сисиді Президенттік сарайда мемлекеттік рәсіммен қарсы алды.

Президенттер Түркия-Мысыр Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі отырысына төрағалық етеді.

Екі ел арасындағы 10 миллиард долларға жеткен сауда көлеміндегі жаңа нысана 15 миллиард доллар. Жиында осы мақсатқа жету жолында атқарылатын қадамдар талқыланады. Кездесуде өзара энергетика, денсаулық сақтау, туризм және қорғаныс өнеркәсібі салаларындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық мүмкіндіктері де қарастырылмақ.

Израильдің Газа секторында жасаған геноциді мен аймаққа жасалған гуманитарлық көмектер де сапардың негізгі күн тәртібін құрайды.

Ердоған мен Сиси тез арада атысты тоқтатуды қамтамасыз ету үшін басылатын ортақ қадамдарды да талқылайды. Аймақтық мәселелерде түбегейлі бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін не істеу керектігі қаралады.



Ұқсас жаңалықтар