Йерликая: "Диярбакыр аналарының акциясы 6 жылдан бері жалғасуда"

Ішкі істер министрі Али Йерликая мәлімдеме жасады.

2183092
Йерликая: "Диярбакыр аналарының акциясы 6 жылдан бері жалғасуда"

Ішкі істер министрі Али Йерликая балаларын тауға алып қашқан бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға наразылық үшін Халықтардың Демократиялық партиясы (ХДП) қалалық филиалы алдында диярбакырлық аналар ұйымдастырған отыру акциясының арқасында 6 жылда 55 ұйым мүшесінің берілуге көндірілгенін білдірді.

Министр Йерликая әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламасында диярбакырлық аналардың бастамасымен ұйымдастырылған акцияның 6 жылды артта қалдырғанын еске салды.

Йерликая аналардың сабыр мен жанашырлықтың символы екенін, қайғы-қасіретті жүректерінде сақтағанын атап «Бірақ баласы әңгіме болған кезде Диярбакыр аналары қаланың қабырғаларындай берік тұрады. 6 жылда террор ұйымының көндіру арқылы 55 мүшесі берілді. Президентіміз Режеп Тайып Ердоған мырзаның басшылығымен батыр әскерлеріміз бен қауіпсіздік күштерімізге қоса, мемлекеттің барлық мекемелері террорды жою үшін күресін жалғастыруда» деді.



Ұқсас жаңалықтар