Ердоған Сивас Конгресінің 105 жылдығына орай хабарлама жариялады

Президент Сивас Конгресінде қабылданған шешімдердің Республиканың негізін қалыптастырғанын атап көрсетті.

2183068
Ердоған Сивас Конгресінің 105 жылдығына орай хабарлама жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған 105 жыл бұрын Сиваста тәуелсіздік және Отанға деген сүйіспеншілікпен тұтанған алаудың Түркияның дамыған өркениеттер жолын әлі де нұрландырғанын атап көрсетті.

Президент Ердоған Сивас конгресінің 105 жылдығына орай хабарлама жариялады.

Сивас конгресінде әр түрлі қиыншылықтарға қарамастан бірлігі мен ынтымағын сақтап қалған түрік ұлтының азаттық соғысын жеңіспен аяқтағанын еске салған Ердоған Конгресте қабылданған тарихи шешімдердің болашақтың маңызды бастауларының бірі екеніне назар аударды.

Ердоған «Осыдан 105 жыл бұрын Сивас қаласында тәуелсіздік және Отанға деген сүйіспеншілікпен тұтанған алау бүгінгі өркениет жолында біздің жолымызды әлі де нұрландырады. Даңқты тарихымызды мақтан тұтатын, батыр бабаларымызбен рухы және санасы бірдей жас ұрпақ елімізді «Түрік ғасыры» нысанасына жеткізеді.

Қазір біз де Сивас конгресінде қабылданған және Түркия Республикасының негізін қалаған шешімдерге бағыныштылық танытып қадам басамыз. Сивас конгресінің жылдығында Гази Мұстафа Кемалдан бастап, барлық батырларымызды құрмет және ризашылықпен еске аламыз. Сивас халқы мен осы конгреске қонақжайлық жасаған азаматтарға шын жүректен сәлем жолдаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар