Әлиевті құттықтады

Президент Ердоған Әзербайжан президенті Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.

2182516
Әлиевті құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда, телефон әңгімесі барысында президент Ердоған Әлиевті Әзербайжанда өткен парламенттік сайлаудағы «Жаңа Әзербайжан» партиясының жеңісімен құттықтады.

Сайлау нәтижесінің бауырлас Әзербайжан халқының Әлиев пен партиясының әістеріне деген сенімін көрсеткеніне назар аударған Ердоған «сайлаудың демократиялық ортада, бейбітшілік пен тыныштықта өткені қуантады» деді.

Әзербайжанда 1 қыркүйекте өткен сайлауда биліктегі «Жаңа Әзербайжан» партиясы  парламенттегі ең көп орынға ие болды.



Ұқсас жаңалықтар