Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

Бүгін 30 тамыз. Даңқты түрік әскерлері жеңіске жетіп, Республиканың негізі қаланған күн.

2181508
Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

1922 жылдың 30 тамызы жылдарға созылған азаттық соғысының жеңіске жеткен күні ретінде тіркелді.

1922 жылы маусым айының ортасында Бас қолбасшы Мұстафа Кемал Ататүрік елді басып алған грек әскеріне шабуыл жасау туралы шешім қабылдады.

Гази Мұстафа Кемал 3 жыл 4 айдың ішінде Түрік ұлты мен әскерін кезең-кезеңімен жеңіске жеткізді.

Жау әскерін елден толығымен қууға шамамен бір жылға созылған дайындық кезеңінен кейін Бас қолбасшы Мұстафа Кемал Паша 1922 жылы 26 тамызда Ұлы шабуылды бастады. Түрік әскерлері грек әскері басып алған барлық нүктелерді бірінен соң бірі басып алды.

Төрт күнге созылған Ұлы шабуыл Күтахия Думлупынардағы Бас қолбасшылық алаңындағы шайқаста жеңіспен аяқталды.

30 тамыз Жеңіс күні Түркия мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасында Ұлы шабуылды еске алу мақсатында жыл сайын 30 тамызда ресми және ұлттық мереке ретінде тойланады.

 



Ұқсас жаңалықтар