Түркиядан Израильге айыптау
Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.
Түркия Израильдің Батыс Шерияда бастаған заңсыз операциясын және Израиль Сыртқы істер министрі (Исраэль Катц) «Газадағы тәжірибелерді Батыс Шерияда қолданамыз” деген мәлімдемесін қатты айыптады.
Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде «Израильдің Батыс Шерияда бастаған заңсыз операциясы мен Израиль Сыртқы істер министрінің Газадағы тәжірибелерді Батыс Шерияда қолданатыны туралы мәлімдемесін қатты айыптаймыз» деп айтылды. Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху үкіметінің Палестина халқына қарсы жүргізген «геноцидтік саясаты» халықаралық қауіпсіздікке төнген басты қауіп екені атап көрсетілді.
«Израильдің халықаралық құқықты еш елемейтін (Палестина халқына қарсы) әрекеттеріне қарсы қажетті жазалау және мәжбүрлеу шараларын қабылдау маңызды», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Соңғы 4 күнде PKK-лық 27 террорист залалсыздандырылды
Ұлттық Қорғаныс министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.