Ердоған «Түркия Бангладешке көмек қолын созуда» деді
Президент Ердоған Бангладештегі су тасқынынан кейін Түркияның көмек көрсету шараларымен бөлісті.
Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның су тасқыны салдарынан қиын күндер кешкен Бангладешке көмек қолын созғанын және елде барлығы 16 мың 750 көмек пакетінің таратыла бастағанын білдірді.
Президент Ердоған әлеуметтік медиа парақшасында Бангладештегі су тасқынынан кейін Түркияның көмек көрсету шараларымен бөлісті.
«Су тасқыны салдарынан қиын күндерді бастан кешіп жатқан досымыз әрі бауырымыз Бангладешке Түркия көмек қолын созуда» деген Ердоған 5 миллионнан астам адам зардап шеккен бұл үлкен апатқа қарсы Апат және төтенше жағдайлар басқармасының координациясымен аймаққа көмек жеткізілгенін айтты.
Ердоған былай деді: «Апаттан ең көп зардап шеккен және жол қатынасы үзілген аймақтарда жалпы 16 мың 750 көмек пакетін таратуды бастадық. Апат және төтенше жағдайлар басқармасы және Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі арқылы жұмысымызды қарқынды түрде жалғастырудамыз».
Президент Ердоған өз жазбасында су тасқынынан зардап шеккендерге жеткізілген көмектің суреттерін де жариялады.
Ұқсас жаңалықтар
Соңғы 4 күнде PKK-лық 27 террорист залалсыздандырылды
Ұлттық Қорғаныс министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.