Түркия Пәкістандағы лаңкестік әрекетті айыптады

Шабуыл кезінде кем дегенде 23 жолаушы қаза тауып, 10 көлік өртенді.

2180109
Түркия Пәкістандағы лаңкестік әрекетті айыптады

Түркия Пәкістанның Белуджистан уәлаятындағы лаңкестік әрекетті айыптады.

Сыртқы істер министрлігі мәселеге байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде шабуылдың қатаң түрде айыпталғаны, қаза тапқандарға Алланың рақымы, жақындарына көңіл айтылғаны атап көрсетілді. Мәлімдемеде  «Түркия терроризмге қарсы күресте дос және бауырлас Пәкістан үкіметі  және халқымен толық ынтымақтасады» делінді.

Пәкістан баспасөзінің хабарлауынша, Белуджистан уәлаятында түнде жолды жауып тастаған қарулы адамдар жолаушыларды автобустар мен жүк көліктерінен түсіріп, жеке куәліктерін тексеріп, кейін оларға оқ жаудырған.

Шабуыл кезінде кем дегенде 23 жолаушы қаза тауып, 10 көлік өртенді.



Ұқсас жаңалықтар