Ердоған Махмуд Аббаспен кездесті

Ердоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Жалпы кеңесінде  үн қату  үшін Түркияға келген Палестина басшысы Махмуд Аббаспен кездесті.

2175778
Ердоған Махмуд Аббаспен кездесті

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Жалпы кеңесінде  үн қату  үшін Түркияға келген Палестина басшысы Махмуд Аббаспен кездесті.

Президенттік кешендегі кездесу баспасөзге жабық түрде өтті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда, кездесуде Израильдің Палестина жерлерінде жасаған қырғындары, тұрақты атысты тоқтату және бейбітшілік үшін жасалатын қадамдар және қазіргі оқиғалар талқыланды.

Кездесуде президент Ердоған Түркияның Палестинаның әділ ісін қолдауын жалғастыратынын және Израильді тоқтату және халықаралық қауымдастықтың Израильге қысымын арттыру үшін жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.

Израильдің Газадағы бейбіт тұрғындарды, соның ішінде сәбилерді де қырғындауды, жазықсыз палестиналықтарды көшіруді, мектептерді, ауруханаларды және бейбіт тұрғындар паналаған аймақтарды соққыға жығуды жалғастырғанын және адамдарды аштық пен шөлдеуге айыптағанын түсіндірген Ердоған кейбір Батыс елдерінің барлығына үнсіз қалуының қабылдауға болмайтынын.

Президент Ердоған барлық елдердің, әсіресе Ислам әлемінің Газада дереу атысты тоқтату және палестиналықтарға гуманитарлық көмектердің үзіліссіз жеткізілуін қамтамасыз ету үшін күш-жігерін арттыруы керектігін баса айтты.

Кездесуде президент Ердоған Аббастың бүгін Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде сөз сөйлейтініне де риза екенін білдірді.

 



Ұқсас жаңалықтар