Хакан Фидан Катар және Мысыр әріптестерімен сөйлесті

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Катар және Мысыр Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті.

2175186
Хакан Фидан Катар және Мысыр әріптестерімен сөйлесті

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Катар және Мысыр Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барасында  Израиль министрлері мен ұшқары еврейлердің әл-Ақса мешітіне басып кіру әрекеті жасаған мен Газадағы соңғы жағдайды талқылады.

Хакан Фидан Катар Премьер-министрі және Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бин Абдуррахман Әл Тани және Мысыр Сыртқы істер министрі Бедр Абдулатимен жеке-жеке телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелерде ұшқары  израильдіктердің кеше әл-Ақса мешітіне басып кіруі, Газадағы соңғы жағдай және аймақтағы оқиғалар талқыланды.

Кеше таңертең Израильдің Ұлттық қауіпсіздік министрі, ұшқары оңшыл Итамар Бен-Гвир мен Израильдің Негев және Галилеяны дамыту министрі Ицхак Васерлауф, сондай-ақ ұшқары еврейлер Израиль полициясының қорғауымен мешіт әл-Ақса мешітіне басып кірген еді.

Иерусалим исламдық қорлар басқармасы тарапынан  жасалған мәлімдемеге қарағанда, бұл әрекетке  шамамен 2250 фанат қатысқан.



Ұқсас жаңалықтар