Түркия стипендия бағдарламасы жеміс берді
Түркияның стипендиялық бағдарламасы бойынша 2800 студент бітірді.
2174787
Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы Түркияның стипендиялық бағдарламасынан пайдалана алған халықаралық студенттерге Стамбулда диплом тапсыру рәсімін өткізді.
Салтанатты шара университет бітірген түлектердің сөз сөйлеуімен басталды.
Рәсімге қатысқан Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы төрағасы Абдулла Эрен Түркияда 180 елден студенттерді қабылдағанын және бұл санның жыл сайын артып келе жатқанын айтты.
Салтанатты шараға Стамбул губернаторы Давут Гүл де қатысты. Гүл студенттердің Түркия мен өз елдері арасында көпір болатынын айтты.
Сөз сөйлегеннен кейін жеңімпаз студенттерге сыйлықтар табыс етілді.