АҚШ Түркияның араағайындық рөліне тоқталды

АҚШ-тың Түркиядағы өкілетті және төтенше  елшісі Джефф Флейк Стамбулда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады.

2174886
АҚШ Түркияның араағайындық рөліне тоқталды

Иран-Ливан-Израиль желісіндегі шиеленіс күннен-күнге артып жатқанда, Америка Құрама Штаттары (АҚШ )Түркияны араағайындық жасауға шақырды.  

АҚШ-тың Түркиядағы өкілетті және төтенше  елшісі Джефф Флейк Стамбулда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады.

АҚШ елшісі Джефф Флейк Иран-Ливан-Израиль желісіндегі шиеленіске тоқталып «Біз Иранмен қарым-қатынасы бар барлық одақтастарымыздың Иранды шиеленісті азайтуға көндіруін қалаймыз және Түркия да осы елдердің арасында орын елуде» деді.

Түрік лауазымдыларының шиеленістің ушығуына жол бермеу үшін қолдарынан келгенін жасағанын айтқан Флейк 1 тамыз күні ел астанасы Анкарада өткен АҚШ пен Ресей арасындағы ең үлкен тұтқын алмасуында Түркияның маңызды рөл атқарғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар