Пәкістандағы су тасқыны салдарынан 154 адам қаза тапты

Лауазым иелері Пенджаб пен Хайбер-Пахтунхва уәлаяттарынан 154 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.

2173235
Пәкістандағы су тасқыны салдарынан 154 адам қаза тапты

Пәкістанда 6 аптадан бері жалғасып келе жатқан муссондық жаңбыр мен су тасқыны салдарынан 154 адам қаза тапты.

Табиғи апаттармен күрес жөніндегі ұлттық агенттігінің лауазым иелері 1 шілдеден бастап елдің түрлі аймақтарында муссондық жаңбырдың әсер еткенін мәлімдеді.

Лауазым иелері тоқтаусыхз  жауын-шашын салдарынан кейбір аймақтарда су тасқыны мен көшкіннің орын алғанын айтып, 1500-ден астам тұрғын үйдің зардап шеккенін білдірді.

Лауазым иелері бұл процесте негізінен Пенджаб пен Хайбер-Пахтунхва уәлаяттарынан 154 адамның ажал құшқанын  мәлімдеді.

Оңтүстік Азияда жыл сайын маусым мен қыркүйек аралығында әсер ететін муссондық жаңбырлар ауқымды табиғи апаттар мен апаттарды тудыруда. Ғалымдар аймақта соңғы жылдары байқалған тұрақты емес жәнетоқтаусыз  жауын-шашын климаттың өзгеруінен туындаған деген көзқараста.



Ұқсас жаңалықтар