Нуман Куртулмуш Черногория вице-премьерін қабылдады
Нуман Куртулмуш Черногория вице-премьері және Сыртқы істер министрі Эрвин Ибрахимовичті қабылдады.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш Черногория вице-премьері және Сыртқы істер министрі Эрвин Ибрахимовичті қабылдады.
Кездесу барысында екіжақты және парламентаралық қарым-қатынастар, сондай-ақ өңірлік және жаһандық мәселелер талқыланды.
Куртулмуш екі дос ел арасында әр салада жақсы қарым-қатынастардың бар екенін және оны одан әрі жалғастыруды қалайтындарын білдірді.
Түркияның Балқандағы басымдылығының бейбітшілік, тұрақтылық және гүлденуді сақтау екеніне назар аударған Куртулмуш «Аймақтағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтау үшін Черногория бастаған барлық Балқан елдерімен бірге жұмыс істеуді жалғастырамыз» деді.
Черногория Премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Ибрагимович те Түркия мен Черногория арасындағы жақсы қарым-қатынастардың жалғасуын және нығаюын тілейтіндерін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Ердоған Неджиб Микатимен телефон арқылы сөйлесті
Президент аппараты жанындағы Коммуникациялар басқармасы мәлімдеме жасады.
PKK/YPG-ге тиесілі 2 террорист залалсыздандырылды
Ұлттық Қорғаныс министрлігі осы тақырыпқа қатысты мәлімдеме жасады.