Емине Ердоған Мұхаммед Юнусқа табыс тіледі
Емине Ердоған Бангладеш Уақытша үкіметінің төрағасы Мұхаммед Юнусқа табыс тіледі.
2173548
Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоған Бангладеш Уақытша үкіметінің төрағасы және Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) «Нөлдік қалдықтар» жоғары деңгейдегі тұлғалар кеңесінің мүшесі Мұхаммед Юнусқа табыс тілегін жеткізді.
Емине Ердоған әлеуметтік медиа парақшасындағы жазбасында өзі басқаратын БҰҰ «Нөлдік қалдықтар» жоғары деңгейдегі тұлғалар кеңесінің мүшесі Мұхаммед Юнусқа Бангладеш Уақытша үкіметінің президенті ретіндегі жаңа лауазымында сәттілік тіледі.
Емине Ердоған өз жазбасында «Мен (Мұхаммед Юнусқа) біздің кеңес жұмысына қосқан маңызды үлесі үшін алғыс айтқым келеді. Осы орайда дос және бауырлас Бангладеш халқының әл-ауқаты болуын және тыныш өсір сүруін тілеймін»деді.