Президент Ердоған мен Катар Әмірі бас қосты

Басшылардың кездесуінде негізгі күн тәртібін Таяу Шығыстағы оқиғалар құрайды.

2173174
Президент Ердоған мен Катар Әмірі бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған бас қала Анкарада Катар Әмірі Шейх Тамим ибн- Хамед әл-Танимен бас қосты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Катар Әмірі Шейх Тамим ибн-Хамед әл-Таниді Президенттік сарайда қабылдады.

Басшылардың кездесуінде негізгі күн тәртібін Таяу Шығыстағы оқиғалар құрайды. Басқыншы Израильдің Палестина мен Ливанға жасаған шабуылдары мен Тегеран-Тель-Авив желісіндегі шиеленістің күшеюі талқыланады.

Қанішер Нетаньяху үкіметін атысты тоқтатуға мәжбүрлеу және палестиналықтарға гуманитарлық көмек жеткізу үшін басылатын ортақ қадамдар да күн тәртібінде.

Ердоған мен әл-Сани кездесуінде Түркия мен Катар арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастар да бағаланады.

Өткен жылы 1,3 миллиард доллар болған екіжақты сауда көлемін одан әрі жетілдіру және өзара инвестицияны арттыру жөнінде пікір алмасылады.



Ұқсас жаңалықтар