Министр Гөкташ Испания министрі Делгадомен кездесті

Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі Махинур Өздемир Гөкташ Испанияның Әлеуметтік қауіпсіздік және иммиграция министрі Эльма Саиз Делгадомен кездесті.

2172912
Министр Гөкташ Испания министрі Делгадомен кездесті

Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі Махинур Өздемир Гөкташ Израильдің Газада жасаған геноцидін жасыра алмайтынын және бұл адамгершілікке жатпайтын қатыгездік үшін әділет алдында ерте немесе кеш  жауап беретінін айтты.

Гөкташ Стамбулдағы Долмабахче жұмыс кеңсесінде Түркияда болған Испанияның  Әлеуметтік қауіпсіздік және иммиграция министрі Эльма Саиз Делгадомен кездесті.

Кездесу барысында ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері, сондай-ақ маусым айында екі министрлік арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум аясында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланып, әлеуметтік саясат бойынша пікір алмасылғаны айтылды.

Кездесуде министр Гөкташтың Испанияның Израильдің Палестинаға жасаған шабуылдарына қарсы ұстанымы үшін Делгадоға алғыс айтқаны да белгілі болды.



Ұқсас жаңалықтар