Мәжіліс төрағасы Володинмен сөйлесті

Володин Куртулмушты Ресейге шақырды.

2172440
Мәжіліс төрағасы Володинмен сөйлесті

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі  төрағасы Нуман Куртулмуш Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен телефон арқылы сөйлесті.

Парламенттен жасалған мәлімдемеге қарағанда телефонда Володин Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Куртулмушты 28-29 қараша күндері Ресейде өтетін «Террормен күрес және аймақтық байланыс конференциясына» шақырды.

Шақыру үшін алғыс білдірген Куртулмуш қыркүйек айында парламенттік делегациямен Ресейдің астанасы Мәскеуге ресми сапармен баратындарын білдірді. Куртулмуш осы сапарда екіжақты мәселелердің, соның ішінде конференцияға дайындықтың кеңінен талқыланатынын тілге тиек етті.

Террордың ортақ қауіп екенін және көптеген елге террор қаупі төніп тұрғанын атап көрсеткен Куртулмуш кейбір ірі державалардың террор ұйымдарын соғыс құралы ретінде пайдаланғанын айтты.

 

Израильдің Газада бір жылға жуық уақыттан бері шабуыл жүргізгеніне назар аударған Куртулмуш бұл шабуылдарды айыптайтындарын білдірді.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Куртулмуш Израильдің Иранның астанасы Тегеранда Хамас саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияға қарсы жасаған қастандықтың мемлекеттік терроризмнің айқын үлгісі екеніне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар