Хамас  Түркияға алғыс айтты

Хамас қозғалысы Ханияға көңіл айтқаны және жерлеу рәсіміне үлкен делегациямен қатысқаны үшін Түркияға алғыс айтты.

2172058
Хамас  Түркияға алғыс айтты

Хамас қозғалысы  Хамас саяси бюро басшысы Исмаил Ханияның Иранда өлтірілуінен кейінгі алғашқы сәттен бастап көңіл айтқаны және жерлеу рәсіміне үлкен делегациямен қатысқаны үшін Түркияға алғыс айтты.

Хамас өзінің веб-сайтынан жазбаша мәлімдеме жасап, қозғалыс жетекшісі Ханияның өлтірілуіне байланысты көңіл айтқан барлық ел басшыларына, үкіметтерге және жеке тұлғаларға алғыс айтты.

Хамас қозғалысы  «Хания шейіт болған алғашқы сәттен бастап көңіл айтқан және жерлеу рәсіміне үлкен делегациямен қатысқан Түркияға, Түркия президентіне, Мәжіліс  төрағасына және саяси тұлғаларға алғыс айтамыз» деді.

Мәлімдемеде Иран президенті мен халқына, сондай-ақ Катарға да  жаназа рәсімін ұйымдастырып  жерлегені үшін алғыс айтылды.



Ұқсас жаңалықтар