АҚШ баспасөзінен Ердоғанға мақтау
АҚШ-тың ақпарат құралдары президент Ердоғанның Папа Францискке ықпал еткенін жазды.
Президент Режеп Тайып Ердоғанның көшбасшылықтағы қабілеті шетел баспасөзінде орын алды.
АҚШ-тың ақпарат құралдары Папа Францисктің Олимпиаданың ашылуына қайғырғанын білдірген мәлімдемесіне президент Ердоғанның ықпал еткенін атап көрсетті.
Орталығы АҚШ-тағы католиктер үшін басылымдар шығаратын «Crux Now» атты интернет газеті Рим Папасы Францисктің қайғысын бөліскен мәлімдемесінде Ердоғанмен телефон әңгімесінің ықпалды болғанын жазды. Мақалада «Түркия президенті Ердоған үлкен саяси актер» деп аталды.
Париж Олимпиадасының ашылуында бұрмаланған әрекет үлкен наразылық туғызып, президент Ердоған бұл оқиғаны сынға алған болатын.
Президент Ердоған Рим Папасы Францискпен әңгімесіп, осы мәселеге қатысты алаңдаушылығын жеткізді.
«Crux Now» газеті Папа Францисктің қайғысын білдірген мәлімдемесіне Ердоғанмен сөйлесуінің ықпал еткенін білдірді.
Мақалаға «Ердоған – Олимпиада дау-дамайында Рим Папасына сыбырлаған адам» тақырыбы қолданылған.
Мақаланың кіріспесінде Ердоғанның көшбасшылығына назар аударылып, «Мақсаты мен тактикасы қандай болса да, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған – мықты саяси актер» делінді.
Мақалада Ердоғанның «Түркияны жаһандық держава ретінде қалыптастырған көшбасшы» екеніне назар аударылды.
Талдау мақалада Ердоғанның жетістіктері арасында Олимпиадада болған оқиғаға үнсіз қалған Рим Папасы Францискті мәлімдеме жасауға көндіргені баса айтылды.
Ватиканның мәлімдемесінде «Жаһандық бірлікті нығайтуға бағытталған шара діни наным-сенімдерді келеке етпеуге тиіс» делінді.
Мақаланың қорытындысында Ердоғанның «Реис»-ден бастап, 20 жыл бойы көптеген маңызды лақап атаулар алғанын және бұларға «Папаға сыбырлаған адам» деген атаудың да қосылғаны айтылды.