Стамбулда маңызды конференция
Конференцияда «әділет және халықаралық құқық» қолға алынды.
Бұғазіші Университетінде өткен конференцияда «әділет және халықаралық құқық» қолға алынды.
Стамбулда Түркия Телерадио корпорациясы TRT Жаһандық коммуникация серіктесі болып табылатын «Газадан кейін халықаралық құқықты қайтадан ойлап қарау» атты конференция өтті. Бұғазіші Университеті Құқық факультеті ұйымдастырған конференцияда «Әділет және халықаралық құқық» атты отырыс өткізілді.
АҚШ-тағы Принстон Университетінде Халықаралық құқық маманы және БҰҰ-ның бұрынғы Адам құқықтары баяндамашысы, саясаттанушы Проф. Ричард Фалк конференцияда Израильдің Газадағы істерін қатаң айыптап, халықаралық құқықтың Газадағы дағдарысты ықпалды түрде шешудегі сәтсіздігін атап көрсетті. Халықаралық құқықтың ролін, қазіргі олқылықтарын және мықты орындау механизмдеріне деген мұқтаждықты атап көрсеткен Фалк «Қырғын жалғасып жатыр. Аймақта Газамен тікелей байланысты кең ауқымды соғыс қаупі артып отыр» деді.
Фалк Израильдің халықаралық шешімдерді елемей, жаһандық қоғамның да осы заңдарды орындаудағы жеткіліксіздігін сынға алды. «Израиль қырғынды тоқтататын, Газа, Батыс Шерия және Шығыс Иерусалимдегі басқыншылықты доғаратын өкілетті шешімдерге құлақ аспалы» деді ол.
Ол Израильдің Газа шабуылдарына халықаралық реакциялардағы қос стандарты айыптады. Олқылықтарына қарамастан халықаралық құқықтың ұйымшылдық қозғалыстарының заңдастырылуы және болашақ ұрпақтың әділет және адам құқықтары жөнінде саналы болуы тұрғысынан маңызы әлі де бар екенін айтты.
БҰҰ Тұрғын үй арнайы баяндамашысы Балакришан Ражагопал да сөзінде Газа мен басқа да аймақтардағы тұрғын үйлердің жүйелі түрде қиратылғанын атап көрсетті. Ол халықаралық қоғамның осындай істерді халықаралық құқық аясында бөлек қылмыс ретінде тануы және мәселені шеші үшін нақты қадам басуы керектігін тілгі тиек етті.
Ражагопал үйлерінің қиратылуының адам баласына қарсы істелген бір қылмыс және қырғын екенін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Ердоғаннан Ислам елдеріне шақыру
Түркия Президенті «Ислам Ынтымақтастық Ұйымы шұғыл басшылық деңгейінде жиналуы керек» деді.