Министр Фидан Мысырда
Министр Фидан Мысыр Сыртқы істер министрі Бедир Абдулатидің шақыруымен осы елге барады.
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Мысыр Сыртқы істер министрі Бедир Абдулатидің шақыруымен осы елге барды.
Министр Фиданды Мысырдағы Әл-Ариш әуежайында Солтүстік Синай губернаторы генерал-майор Халед Мегавер Мохамед қарсы алды.
Дипломатиялық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге қарағанда министр Фидан мен әріптесі Абдулати Мысыр президенті Абдулфеттах әл-Сисидің Түркия сапары барысында жүзеге асатын алғаш рет өтетін Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі отырысына дайындықты талқылайды.
Кеңес аясында қол қойылуы жоспарланған 20-ға жуық келісімге қатысты қазіргі жағдай бағаланады.
Келіссөздер барысында өзара саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастар мен аймақтағы соңғы оқиғалар туралы пікір алмасып, энергетика, денсаулық сақтау, туризм және қорғаныс өнеркәсібі салалары бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланады.
Сапардың негізгі күн тәртібін құрайтын Газа секторындағы оқиғалар, Палестина мәселесі және Газаға гуманитарлық көмек көрсетумен қатар, Ливия, Судан және Сомалидегі оқиғалар да жан-жақты қолға алынады.
Министр Фиданның Түркиядан Газаға жіберілген гуманитарлық көмекке байланысты Әл-Ариш пен Рафах шекара қақпасын аралап, Мысыр Қызыл Жарты ай қоғамының логистикалық орталығын тексеруі күтілуде.