Хакан Фидан Эфиопияда

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан ресми сапармен Эфиопияның астанасы Аддис-Абебаға барды.

2170901
Хакан Фидан Эфиопияда

Бұл туралы министрліктің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жарияланды. Мәлімдемеде «Министр Хакан Фиданды Эфиопия премьер-министрі Аби Ахмед қабылдады. Фиданның  сапары аясында екіжақты қарым-қатынастар, Сомалимен бітімге келу үдерісі және аймақтық мәселелер бойынша келіссөздер жүргізіледі» .

Фидан сапар аясында Сыртқы істер министрі Тайе Селассимен де кездеседі.



Ұқсас жаңалықтар