Фахреттин Алтун тұтқын алмасуына байланысты мәлімдеме жасады
Фахреттин Алтун «Түркия өзінің дипломатиялық жақтан мықты күш екенін тағы бір рет дәлелдеді» деді.
Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун соңғы кездері ең ауқымды тұтқын алмасу жұмысын жүзеге асырған Түркияның көрсеткен байыптылығының аймақтағы барлық мәселелердің шешілуіне үлгі болғанын айтты.
Фахреттин Алтун Ұлттық барлау ұйымы басшылығымен кеше астана Анкарада жасалған тұтқын алмасуына байланысты әлеуметтік медиа парақшасында мәлімдеме жасады.
Түркияның президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында халықаралық аренада бейбітшілік пен тұрақтылыққа үлес қосуын жалғастырғанын түсіндірген Алтун «Түркия өзінің дипломатиялық жақтан мықты күш екенін тағы бір рет дәлелдеді» деді.
Түркияның осы дипломатиялық мүмкіндігін әртүрлі актерлармен тиімді ынтымақтастық арқылы бейбітшілік пен тұрақтылық қызметінде пайдаланатынын атап көрсеткен Алтун «Кешеден бері Түркия 7 елден 26 адамды алмастыру арқылы соңғы уақыттағы ең ауқымды тұтқын алмасу жұмысын жүзеге асырды. Түркияның бұл өте нәзік келіссөздерді басқаруда көрсеткен байыптылығы барлық мәселелердің шешілуіне үлгі болды» деді.