Президент Ердоған Сомали президентімен телефонда сөйлесті
Президент Режеп Тайып Ердоған Сомали президенті Хасан Шейх Махмудпен телефон арқылы сөйлесті.
Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасының әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Түркия-Сомали қарым-қатынастарына қоса, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланған әңгіме барысында президент Ердоған Түркияның Сомалидің аумақтық тұтастығы мен бірлігіне мән бергеніне назар аударды.
Президент Режеп Тайып Ердоған Сомали президенті Хасан Шейх Махмудпен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгіме барысында президент Ердоған Сомалидің терроризммен күресіне берілген қолдаудың жалғасатынын және Түркияның Сомали мен Эфиопия арасындағы қақтығысты шешу үшін бітімгерлік жұмыстарын қарқынды түрде жалғастыратынын мәлімдеді.
Президент Ердоған екі ел арасындағы энергетика және қорғаныс саласынан бастап көптеген салада ынтымақтастықтың барған сайын нығая түсетінін атап көрсетті.