Ердоған Хатайдың 85 жылдығына орай хабарлама жариялады

Президент Ердоған Хатай қаласының отанға қосылуының 85 жылдығына орай хабарлама жариялады.

2166103
Ердоған Хатайдың 85 жылдығына орай хабарлама жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған түрлі мәдениеттер мен діндер бір-бірімен тату-тәтті өмір сүріп жатқан Хатайдың бауырластық пен мейірімділік орталығы екенін білдірді.

Ердоған хабарламасында «Хатай әртүрлі мәдениеттер мен діндер бір-бірімен тату-тәтті өмір сүріп жатқан, Анадолыда ежелгі өркениеттеріне қонақжайлық жасаған бауырластық пен мейірімділік орталығы болып табылады. Отанмен бірігу туралы шешім Хатай халқының күшті ерік-жігерімен қабылданды. Бұл қабылданған шешім ұлттық бірлік пен тұтастығымыздың құндылығын арттыра отырып, еліміздің халықаралық қоғамға бейбітшілігін танытты және беделін арттыра түсті. Бұл интеграциялық шешім халқымыздың бірлігі мен ынтымағын бәрінен жоғары қоятынын көрсетті» деді.

Ортақ құндылықтар төңірегінде топтасып, болашаққа бірдей қажымас қайрат және табандылықпен қадам басып келе жатқандарын мәлімдеген Ердоған 6 ақпан күнгі (2023) зілзаланың соңғы ғасырдағы ең үлкен апат ретінде тарихқа енгенін атап көрсетті.

Осы жер сілкінісінен қаза тапқандарға Алланың рақымын және туыс-тамырларына сабыр тілеген Ердоған «Осы ойлармен Гази Мұстафа Кемал және Хатай президенті Тайфур Сөкменнен бастап, бұл ұлттық күреске күш жұмсағандардың барлығын құрметпен еске алып, Хатай халқына және барша азаматымызға шын жүректен сәлем жолдаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар