Президент Венгрия премьер-министрімен кездесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Вашингтонда кездесулерін бастады.

2161221
Президент Венгрия премьер-министрімен кездесті
viktor orban-erdogan nato zirvesi.jpg
erdogan nato zirvesi.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Вашингтонда кездесулерін  бастады.

Ол НАТО мемлекет және үкімет басшылары саммитіне қатысу үшін Америка Құрама Штаттарына (АҚШ) барған болатын.

Ердоған «Эндрю В. Меллон» аудиториясында өткен НАТО-ның 75 жылдығына арналған еске алу шарасына жұбайы Емине Ердоғанмен бірге қатысты. Саммитке келген мемлекет және үкімет басшылары шара басында топтық суретке түсті.

Бағдарламада Екінші дүниежүзілік соғыс, НАТО-ның құрылуы, Босния соғысы, Қырымның аннексиялануы және Ресей-Украина соғысы сияқты әртүрлі оқиғалардың бейнетаспасы көрсетілді.

Сонымен бірге АҚШ президенті Джо Байден мен НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг кіріспе сөз сөйледі.

Ердоған НАТО-ның 75 жылдығына арналған еске алу шарасынан кейін өзі тұрған қонақүйде Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті. Кездесуде Түркия мен Венгрияның екі жақты қарым-қатынастары, Түркияның Еуропа Одағына (ЕО) кіру процесі, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.

Президент Ердоған Түркияның Украина-Ресей соғысы мен Израильдің Газаға жасаған шабуылдарын тоқтату үшін бейбіт күш-жігерін жалғастырып жатқанын, халықаралық қауымдастықтың бұл аймақтарда бейбітшілік орнату үшін күш-жігерін арттыруы керектігін білдірді.

Ердоған сондай-ақ Венгрияның Еуроодаққа мүшелік үдерісін жандандыру және қарым-қатынастарды ілгерілету үшін кезекті төрағалығы кезінде Түркияға қолдау көрсетуін күтетінін атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар