Мәжіліс төрағасы украиналық әріптесімен кездесті

Кездесу НАТО Парламент спикерлері саммиті аясында өтті.

2161268
Мәжіліс төрағасы украиналық әріптесімен кездесті

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (TҰҰМ) төрағасы Нуман Куртулмуш Украина парламентінің төрағасы Руслан Стефанчукпен кездесті.

Кездесу Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) НАТО-ның 75 жылдығына орай ұйымдастырылған НАТО Парламент спикерлері саммиті аясында өтті.

Куртулмуш Украинаның бас қаласы Киевте балалар ауруханасына жасалған шабуылда қаза тапқандар үшін  көңіл айтты. Стефанчук орыстардың шабуылы мен оның нәтижесін көрсететін суреттерді көрсетіп,  мәлімет берді.

Стефанчук Куртулмушты 24 қазан күні Ригада өтетін Қырым платформасы парламенттік саммитіне де шақырды.

Кездесуде Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Куртулмуш Түркияның Украинаның тәуелсіздігі, егемендігі және аумақтық тұтастығын қолдайтынын қайталады.



Ұқсас жаңалықтар