Ердоған «Türksat 6А» жер серігін ұшыру рәсіміне хабарлама жолдады
Ердоған: "Түркия «Türksat 6А» арқылы жерсерігі өндірісінде жаңа бір кезеңге өтті".
Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның отандық «Türksat 6А» арқылы жерсерігі өндірісінде жаңа бір сатыға өткенін мәлімдеді.
Президент Ердоған «Türksat 6А» серігін ұшыру рәсіміне бейне хабарлама жолдады.
Түркия мен ұлты үшін тағы бір мақтанышқа куә болғандарын атап көрсеткен Ердоған Түркияның ғарыштағы болашағында үлкен маңызы бар 6А жобасынданың ішкі жүйелерінің, серіктік станса мен бағдарламаларының 81 пайызынан астамын отандық ресурстармен өндірілгенін баса айтты.
Алдарына қойылған барлық кедергі мен шектеулерге қарамастан Түркияның ғарыштағы болмысын арттырғанын түсіндірген Ердоған Ұлттық ғарыш бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі болып табылатын алғашқы ғарышкермен ғарыш миссиясын жақында орындағандарын еске салды.
Президент Ердоған «Türksat 6А арқылы жерсерігі өндірісінде жаңа сатыға өттік. Біздің отандық және ұлттық коммуникациялық жерсерігіміз «6А» қолданыстағы серіктерінің резервтік көшірмесін қамтамасыз етіп, қабілетін одан әрі арттырады» деді.
«Türksat 6А»-ның іске қосылуымен Түркияның коммуникациялық жер серігі шығара алатын елге айналатынын баса айтқан Ердоған «Коммуникациялық жер серіктері сияқты технологияларды шетелге тәуелді болмай өндіру ұлттық қауіпсіздігіміз тұрғысынан өте маңызды» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Ердоған Неджиб Микатимен телефон арқылы сөйлесті
Президент аппараты жанындағы Коммуникациялар басқармасы мәлімдеме жасады.
PKK/YPG-ге тиесілі 2 террорист залалсыздандырылды
Ұлттық Қорғаныс министрлігі осы тақырыпқа қатысты мәлімдеме жасады.