Президент НАТО саммитіне қатысу үшін АҚШ-қа барады

Президент Режеп Тайып Ердоған НАТО саммитіне қатысу үшін бүгін Вашингтонға барады.

2160323
Президент НАТО саммитіне қатысу үшін АҚШ-қа барады

Президент Режеп Тайып Ердоған НАТО саммитіне қатысу үшін ертең Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) астанасы Вашингтонға барады.

Саммитте мүше елдердің мемлекет және үкімет басшыларымен бірлескен отырыстарда бас қосатын Ердоған екіжақты кездесулер өткізеді.

Саммиттің бірінші күні, яғни 9 шілдеде 75 жылдығын еске алу бағдарламасы өтеді. Бұл бағдарламаға президент Ердоған да қатысады.

Президент Ердоған ертең 32 мүшелік альянстың мемлекет және үкімет басшыларының жиналысына қатысады.

Сол күні кешке лидерлер мен олардың жұбайлары Ақ Үйде АҚШ президенті Джо Байден беретін кешкі аста кездеседі.

Президент Ердоған саммит аясында көптеген екіжақты кездесулер өткізеді.

Ердоған сұхбаттастарымен Израильдің Газада жасаған қырғынын тоқтату және тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу үшін не істеу керектігі туралы баға береді деп күтілуде.

НАТО-ның биылғы саммитінде альянс мүшелері қауіпсіздік мәселелерін қолға алады.  

Мүше мемлекеттер әлем қырғи-қабақ соғыстан кейінгі ең үлкен қауіпсіздік сын-қатерлерін бастан өткеріп жатқан осы кезеңде қорғаныс шараларын талқылайды.



Ұқсас жаңалықтар