Түркия-Әзербайжан-Пәкістан ынтымақтастығы күшейеді

Түркия-Әзербайжан-Пәкістан ынтымақтастығын нығайтудың аймақтық және жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылыққа қызмет ететіні келісілді.

2159607
Түркия-Әзербайжан-Пәкістан ынтымақтастығы күшейеді

Сыртқы істер министрлігінен жасалған ортақ мәлімдемеде президент Режеп Тайып Ердоған, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф 3 шілдеде Қазақстанның бас қаласы Астанада 24-ші мемлекет басшылары кеңесіне байланысты бас қосты. Үштік саммитте Түркия, Әзербайжан және Пәкістан арасындағы қарым-қатынастардың талқыланып, «Газа, Кипр, Кашмир, Исламофобия» сияқты аймақтық және жаһандық мәселелердің бағаланғаны айтылды.

Мәлімдемеде аталмыш саммитте бұған дейін Парламент төрағалары және  Сыртқы істер министрлері деңгейінде кездесулер өткізген үшжақты ынтымақтастық үдерісін көшбасшылық деңгейге көшіруге шешім қабылданғаны және оны дамытуға деген күшті ерік-жігердің бар екендігі баса айтылды.

Мәлімдемеде «Түркия-Әзербайжан-Пәкістан арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың үш ел халқының әл-ауқатына үлес қосатыны, сонымен қатар аймақтық және жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылыққа қызмет ететіні келісілді» деді.



Ұқсас жаңалықтар