Ердоған «Біз Путин мен Асадты Түркияға шақыруымыз мүмкін» деді

Президент Режеп Тайып Ердоған Қазақстан сапарынан оралған кезде ұшақта журналистердің сұрақтарына жауап берді.

2159753
Ердоған «Біз Путин мен Асадты Түркияға шақыруымыз мүмкін» деді

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Ресей президенті Владимир Путин мен Сирия президенті Башар Асадты  шақыруы мүмкін екенін айтты.

Президент Ердоған Қазақстан сапарынан оралған кезде ұшақта журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Сирия президенті Асадпен кездесуі мүмкін деген хабарды қайталаған президент өткен аптада Сириямен жаңа процесті бастауға болатынын айтқанын еске салды.

Ердоған  «Біз Путин мырза мен Башар Асадты Түркияға шақыруымыз мүмкін. Егер Путин мырза Түркияға сапар жасаса , онда  бұл жаңа процестің бастамасы болады. Сирия саласында өткен барлық жылдар  тұрақты шешу механизмнің  құрылуының керектігін көрсетті» деді.

Сирияның аяққа тұрып, тұрақсыздықты тоқтатуының маңызды екенін атап көрсеткен Ердоған «Сирия соңғы  кезеңде орнатқан тыныштық саясаттары және шешімге бағытталған тәсілдермен бейбітшілік есігін ашуы мүмкін. Аймақтағы тұрақсыздықтың террор ұйымдарына, әсіресе PKK/PYD-ге  әрекет ету жағдайдың жаратылуы мәселесын туғызуда. Біз ынтымақтаса отырып бұл террор құрылымын түбегейлі жоятын болсақ, бұл Сирияның болашағына үшін өте маңызды» деп көрсетті.

Ердоған Сирияда бейбітшілік орнатудың және Сирияның түкпір-түкпірінде болатын бейбітшілік климатының әртүрлі елдерге шашырап кеткен миллиондаған адамның елдеріне оралуы үшін де қажет екенін атап көрсетті.

Ердоған «Біз көршіміз Сирияға әрқашан достық қолымызды создық және созуды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар