Түркия Нигердегі лаңкестік шабуылды айыптады
Түркия кеше Нигерде болған террор шабуылын айыптады.
Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде «Кеше Нигердің Тиллабери аймағында жасалған лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген адамның қаза тауып, жараланғанын білдік. Бұл опасыз шабуылды қатаң түрде айыптаймыз. Қаза тапқандарға Алланың рақымын тілейміз және Нигер халқына көңіл айтамыз» делінді.
Нигердің Буркина-Фасо шекарасына жақын Тиллабери аймағына қарасты Тассиа ауылында болған террорлық шабуылда 20 әскер қаза тауып, 3 күндік ұлттық аза тұту жарияланды.
Ұқсас жаңалықтар
«Оруч Рейс» Суэц каналынан өтіп, Сомалиге бағыт алды»
Министр Байрактар «Х» әлеуметтік желі парақшасында «Оруч рейс» кемесіне байланысты жазба бөлісті.
«Әлемнің ең ықпалды мемлекет қайраткерлерінің бірі - Президент Режеп Тайып Ердоған»
Сербия Президенті Александр Вучич Президент Ердоғанның Сербия сапарына қатысты жазба бөлісті.