Президент Ердоған Испанияда

Президент Ердоған Испания Королі 6-шы Фелипемен бас қосты.

2152333
Президент Ердоған Испанияда

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия-Испания 8-ші үкіметаралық саммитіне қатысқан Испанияда король 6-шы Фелипемен кездесті.

Сарсуэла Корольдік сарайындағы кездесу баспасөзге жүзеге асты жабық өтті.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда кездесу барысында Түркия мен Испания арасындағы қарым-қатынастар, Израильдің Газа секторында жасаған қырғындары, аймақтық және жаһандық оқиғалар талқыланды.

Түркия мен Испания арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі дамып, тереңдей түсетініне сенетінін білдірген Ердоған өзара сауда көлемін арттырудан қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастыққа дейін барлық салада басылатын қадамдардың екі елге де пайда әкелетінін атап көрсетті.

Израиль әкімшілігінің Палестина жеріндегі «геноцид» саясатының тезірек аяқталу керектігін және Испанияның бұл бағытта басқан қадамдары мен Палестинаға көрсеткен қолдауының аса маңызды екенін атап көрсеткен Ердоған бұл үдерісте халықаралық қауымдастықтың Израильге бағытталған қысымын арттыруының аймақта тұрақты бейбітшілікке жол ашатынына назар аударды.

Президент Ердоған кездесуде Король Фелипенің ең қысқа уақытта міндетті түрде Түркияға келуін күтетінін білдірді.

Президент Ердоған кейін Король 6-шы Фелипе құрметіне берген қонақасыға қатысты.



Ұқсас жаңалықтар