Ердоған мен Санчес «Бизнес форумына» қатысты

Президент Ердоған Израильдің Газадағы қырғындарына тағы да наразылық білдірді.

2152590
Ердоған мен Санчес «Бизнес форумына» қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған Израильдің Газада атысты тоқтату шақыруларына қан төгу арқылы жауап бергенін, мұндай жағдайды ар-ожданы бар ешбір елдің қабылдауы мүмкін емес екенін айтты.

Испанияның астанасы Мадридте 8-ші Түркия-Испания үкіметаралық саммиті аясында «Бинес форум» өтті.

Түркиядан 150-ге жуық іскер адаммен өз секторларындағы испан әріптестері бас қосқан форумның ашылуына президент Режеп Тайып Ердоған мен Испания премьер-министрі Педро Санчес те қатысты.

Мұнда сөз сөйлеген президент Ердоған Израильдің Газадағы қырғындарына тағы да наразылық білдірді.

Ердоған «(Газа) Атысты тоқтату шақыруларына қан төгу арқылы жауап беретін тәкаппарлықпен бетпе-бет келдік. Мұндай жағдайды ешбір ар-ожданы бар елдің қабылдауы мүмкін емес» деді.

Испанияның Израиль зұлымдықтарына қарсы ұстанымын жоғары бағалайтынын атап көрсеткен Ердоған «Санчес мырза принципті және сарабдал саясат ұстану арқылы испан, палестиналық және түрік халқының жүрегінде ерекше орын алды» деп көрсетті.

Ердоған Испанияға Газаға көзқарасы үшін алғыс айтты.

Дос әрі НАТО одақтасы Испаниямен әр салада тамаша қарым-қатынаста екеніне назар аударған президент Ердоған «Біз әртүрлі салалардағы жұмысымызбен жаңа серіктестіктерге мүмкіндік беруіміз керек. Осылайша біз елдерімізді болашаққа жеткізе аламыз» деді.

Испания премьер-министрі Санчес те «Түркия Испания үшін маңызды экономикалық серіктес және өз аймағындағы маңызды ойыншы. Испания мен Түркия барлық салада ең тамаша қарым-қатынасқа ие екі ел» деді.



Ұқсас жаңалықтар