Түркия мен Камерун арасындағы саяси кеңестердің екіншісі өтті

Кеңес отырысында қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық, білім беру, спорт және ғылым салаларындағы тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

2104553
Түркия мен Камерун арасындағы саяси кеңестердің екіншісі өтті
sebnem cenk-turkiye-kamerun.jpg
sebnem cenk-turkiye-kamerun.jpg

Түркия мен Камерун арасындағы саяси кеңестердің екіншісі Камерунның астанасы Яунде қаласында өтті.

Камерун Сыртқы істер министрлігі ғимаратында өткен кеңес жиналысы осы елдің Достастықпен ынтымақтастығына жауапты Сыртқы істер министрі делегаты Мбайу Феликс пен Сыртқы істер министрлігінің Африканың батыс және орталық елдеріне  жауапты бас директоры Шебнем Дженктің тең төрағалығында өтті.

Кеңес отырысында қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық, білім беру, спорт және ғылым салаларындағы тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар