Президент Ердоған жер сілкінісіне байланысты хабарлама жариялады
Президент әлеуметтік желідегі аккаунтынан жер сілкінісінің жылдығына орай хабарлама жасады.

Президент Режеп Тайып Ердоған 6 ақпан күні орын алған эпицентрі Кахраманмараш болған жер сілкінісінен қаза тапқандардың қасіретін алғашқы күндегідей сезіп, мұның жүрегіне ауыртпалық түсіргенін білдірді.
Президент Ердоған әлеуметтік желідегі аккаунтынан жариялаған хабарламасында осыдан бір жыл бұрын орын алған және эпицентрі Кахраманмараш болған жер сілкінісінде қаза тапқан 53 мың 537 адамның әр қайсысына Алланың рақымын тілеп, туыс-тамырлары мен түрік ұлтына көңіл айтты.
Президент хабарламасында «Адамзат тарихындағы ең көне қоныстары деп есептелетін 11 қаламыздағы қирау шынымен де өте ауыр болды. Осындай үлкен апаттар мен ауыр азаптар ұлттардың бірлігі, ынтымағы мен бауырластығының беріктігі сыналатын бетбұрыс.
Құдайға шүкір, халқымыз бұл азапты да тарихи сынақтан сүрінбей өтті. Мемлекетіміз бар күшімен шұғыл қозғалып, Түркия бір жүрек, бір білек болып, ұлтымыз зілзаладан зардап шеккен бауырларына қарай ұмтылып, ғасыр апатында ғасырдың бірлігін паш етті.
Жерлеген жандарымызды «Фатиха» сүрелері, дұғалар және қайғырумен еске алған кезде, ұлтымызға берген уәдемізді орындау үшін аянбай еңбек етудеміз.
Біз қалаларымызды салып, қайта жандандырып, үйі қираған немесе жарамсыз болып қалған соңғы азамат қауіпсіз үйіне қауышқанша жұмыстарымызды жалғастырамыз. Алла тағала елімізді, ұлтымызды енді мұндай апатқа ұшыратпасын, осындай сынақтармен бізді сынамасын» деді.