Газиантепте  ұшақ апаты салдарынан 2 ұшқыш шейіт болды

Газиантепте полиция тікұшағының апатқа ұшырауы кесірінен 2 ұшқыш шейіт болды.

2097128
Газиантепте  ұшақ апаты салдарынан 2 ұшқыш шейіт болды

Ішкі істер министрі Али Йерликая әлеуметтік желідегі парақшасында Хатай әуежайынан ұшып шыққан Қауіпсіздік Бас Басқармасы Авиация департаментінің инвентаризациясында тіркелген тікұшақтың Газиантептің Нұрдағы ауданындағы Картал ауылында құлауы салдарынан 2 ұшқыштың шейіт болғанын білдірді

Йерликая апатта бір техникалық полиция қызметкерінің де жарақат алғанын баяндады.

Йерликая батыр ұшқыштарға Алладан рақым, отбасылары мен полиция қызметкерлеріне көңіл айтып, жарақат алған полиция қызметкерінің тезірек сауығып кетуін тіледі.



Ұқсас жаңалықтар