Қырғызстан президенті министр Фиданды қабылдады

Қырғызстан президенттік аппаратының баспасөз орталығы қабылдау туралы мәлімдеме жасады.

2086640
Қырғызстан президенті министр Фиданды қабылдады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ресми сапармен Бішкекке келген Сыртқы істер министрі Хакан Фиданды қабылдады.

Қырғызстан президенттік аппаратының баспасөз орталығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Жапаров Фиданмен кездесуінде өзара күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер, денсаулық сақтау, энергетика және қаржы салалары мен аймақтық қауіпсіздік жөнінде пікір алмасты.

Қабылдауда президент Режеп Тайып Ердоғанның Қырғызстанға жоспарланған ресми сапары және Бішкекте өтетін Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі отырысы да талқыланды.

Жапаров Қырғызстан мен Түркия арасындағы кең ауқымдағы ынтымақтастықты дамытудың оң динамикасын құптағанын атап көрсетті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастыққа назар аударған Жапаров Түркия-Қырғызстан үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысының бас қала Анкарада өтетін экономикалық күн тәртібін қолдау тұрғысынан маңызды екенін білдірді.

Фидан сондай-ақ Қырғызстан Президентіне қонақжайлылығы үшін алғыс айтып, екі ел басшыларының бірлескен күш-жігерінің арқасында ынтымақтастықты кеңейту арқылы маңызды нәтижелерге қол жеткізілгенін мәлімдеді.

Фиданның екінші аялдамасы Қырғызстан парламенті  болды. Қырғызстан парламенті төрағасы Нұрланбек Шакиев Хакан Фиданды Бішкекте қабылдады.

Қырғызстан парламенті әкімшілігі баспасөз орталығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда, Шакиев пен Фиданның бас қосуында өзара саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды арттыру және парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар