Газадан эвакуацияланған түріктер Стамбулға келді
Газадан эвакуацияланған 68 түрік азаматы мен олардың туыстары Мысыр арқылы Стамбулға келді.
2073084

Израильдің шабуылдары салдарынан Газадан эвакуацияланған 68 түрік азаматы мен олардың туыстары Мысыр арқылы Стамбулға келді.
Түрік азаматтарын тасымалдаған Түрік Әуе жолдарының ұшағы Стамбул әуежайына қонды.
Азаматтарды әуежайда Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мен Апат және төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) лауазым иелері қарсы алды.
Паспорттық тексеру жұмыстарынан кейін кейбір азаматтар бөлінген көліктермен әуежайдан шықты, ал басқа аймақтарға баратындар автобустармен AFAD анықтаған қонақүйлерге орналастырылды.
Ұқсас жаңалықтар

Хакан Фидан Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
Телефон әңгімесінде Газадағы соңғы оқиғалар мен Сириядағы жағдай талқыланды.