Хакан Фидан Нью-Йоркте бірқатар кездесу өткізді
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті төрағасы Ван И және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен кездесті.
2070663
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы--Араб Лигасы құрған Байланыс тобына мүше елдердің Сыртқы істер министрлері Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті төрағасы Ван И және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен кездесті.
Министрліктің Х әлеуметтік медиа аккаунтындағы жазбасына қарағанда Хакан Фидан Израиль-Палестина қақтығыстарын тоқтату және түбегейлі бейбітшілікті қамтамасыз ету мақсатымен Нью-Йоркке барды.
Фидан Байланыс тобына мүше елдердің Сыртқы істер министрлерімен, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезекті төрағасы Ван Имен және Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен кездесті.