Аймақ елдері бір ауызды болуы керек

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан «Израильдің Газаға жасалған шабуылдарын тоқтату үшін аймақ елдері бір ауызды болу керек» деді.

2066372
Аймақ елдері бір ауызды болуы керек

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Жоспар және бюджет комиссиясында жасаған мәлімдемесінде  «Осы уақытқа дейін 12 мыңға жуық палестиналық Израиль шабуылдарынан қаза тапты. Біз мешіттердің бомбалануын ешбір жағдайда қабылдамаймыз. Түбегейлі бейбітшілік үшін бірге жұмыс істеуге бел будық. Аймақ елдерінің бір ауызды болуы өте  маңызды. Шешімнің жалғыз жол – 1967 жылғы шекаралар ішінде Палестина мемлекетін құру» деді.

Министр Фидан Израильдің аймаққа шабуылдары басталған 7 қазаннан бері Мысырға 11 ұшақ толы азық-түлік жеткізілгенін, 983 азаматты эвакуациялау жұмыстарының жалғасып жатқанын, сондай-ақ 170 азаматтың Газадан кете алғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар