Ердоғанның Германия сапары әлем баспасөзінде кеңінен орын алды

Президент Ердоғанның жұма күнгі Германияға сапары әлем баспасөзінде жаңғырық туғызды.

2066061
Ердоғанның Германия сапары әлем баспасөзінде кеңінен орын алды

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұма күнгі Германияға сапары әлем баспасөзінде кеңінен орын алды.

Британдық «The Telegraph» газеті Ердоғанның еврейлерге жасалған геноцид туралы сөздеріне сілтеме жасап, «Ердоғанға қарағанда Германия Холокост салдарынан емін-еркін сөйлей алмайды» деген тақырыппен жазды.

Британдық «BBC» телеарнасы «Берлин Израильдің қатаң сынынан кейін Ердоған тақырыбында қобалжыды» деді.

Американдық «Politico» журналы «Ердоған Германияның Израильге қатысты ‘кінәлі психологиясы’ барын айтты» деген тақырыппен оқырмандарының алдына шықты.

Француз «APT» ақпараттық агенттігі «Түркия Германия үшін маңызды актер екенін дәлелдеді» атты хабар жариялаған.

Француз «Le Figaro» газеті «Ердоған Германияда ‘балаларды өлтіру’ Таурат кітапта жоқ» деді.

Неміс «Der Spiegel» Ердоғанның мәлімдемелерін «Ердоғанның Берлинге сезімтал сапары» деген тақырыппен жариялады.

Focus газеті «Ердоған премьер-министрлік кеңсесінде Германияға Израиль туралы ескерту жасады» деп жазды.

«Deutsche Welle» Ердоғанның «Мен еркін сөйлей аламын, өйткені біз Израильге қарыз емеспіз» деген сөздеріне орын берген.

Орыс ақпарат агенттігі «ТАСС» президент Ердоғанның «Палестина мәселесін тек екі мемлекет шешу жолы бар» деген сөзіне назар аударды.

Әл-Жазира «Ердоған атысты тоқтатуға шақырса, (Германия премьер-министрі) Шольц Израильдің өзін-өзі қорғау құқығын қолдайды» деді.

Грекияның «Naftemporiki» газеті «Ердоғанның Шольц алдындағы күш көрсетуі» деген тақырыппен берген.

«Kathimerini» газеті Ердоғанның «Грекиямен кез-келген мәселені үшінші тарапсыз шеше аламыз» деген сөздерін ұырып қылса, «Та Неа» газеті «Дұшпандарымызды азайтып, достарымызды көбейткіміз келеді» деген сөздеріне орын берген.

Израильде шығатын «Times of Israel» газеті де Ердоғанның Холокост салдарынан Германияның Израильді сынай алмағаны туралы сөзін басты таұырып болып жариялады.



Ұқсас жаңалықтар