"Израиль - террор мемлекеті"

Ердоған «Израиль бір қаланы ішіндегі адамдарымен бірге жаппай жою стратегиясын жүргізіп жатыр" деді.

2064772
"Израиль - террор мемлекеті"

Президент Режеп Тайып Ердоған «Израиль бір қаланы ішіндегі адамдарымен бірге жаппай жою стратегиясын жүргізіп жатыр. Мен Израильдің террор мемлекеті екенін ашық айта аламын» деді.

Президент, Әділет және даму партиясының төрағасы Ердоған партиясының мәжілістегі жиналысында сөз сөйледі.  Ол «Нетаньяхуға үн қатамын. Сенде ядролық бомба бар,  сонымен қорқытасың. Қолыңда не болса да, ақырында кетесің» деді. «Израиль қырғындарын жалғастырса, әлем бойынша лағінет оқылатын бір террор елі екені беки түседі» деді ол.

Президент Ердоған «Біреу мазасызданады деп Хамас мүшелерінің отандары мен жандарын қорғауға тырысқан тойтарысшылар екенін айтудан тайынбаймыз» деді. Ердоған былай деді: «БҰҰ Бас ассамблеясында 121 «қабыл» даусымен қабылданған Газа резолюциясына «қалыс» қалған елдердің басшыларына телефон шаламыз. Екі жақты қатынастарда Палестинаға барлық гуманитарлық қолдауды беру арқылы, халықаралық салада Израильді жалғыз қалдыруға тырысамыз».

«Израильдің газалық тұрғындарды қырған саяси және әскери басшыларының халықаралық соттарда сотталуын қамдайтын қадам басамыз» деді Ердоған.



Ұқсас жаңалықтар