Түркия Непалдағы жер сілкінісінде қаза тапқандар үшін көңіл айтты

Жумла аймағының 42 шақырым оңтүстігі болған 5,6 балдық жер сілкінісінде 157 адам қаза тапты.

2060442
Түркия Непалдағы жер сілкінісінде қаза тапқандар үшін көңіл айтты

Түркия Непалдағы жер сілкінісінде қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде жер сілкінісінен қаза тапқандар мен жараланғандардың көп екені жөнінде ақпарат түскені білдірілді.

Мәлімдемеде «Дос Непал үкіметі мен халқына көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз» делінді.

Непал Ұлттық Төтенше Жағдайлар Басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, эпицентрі Непалдың Жумла аймағының 42 шақырым оңтүстігі болған 5,6 балдық жер сілкінісінде 157 адам қаза тауып, көптеген адамның жарақат алғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар