TRT бас директоры ABU-ға басшы болып сайланды
Жиын 31 қазан -1 қараша аралығында Сеул қаласында болды.
Азия-Тынық мұхит аймағы Хабар таратушылар Одағы (ABU) басшылығына Түркия Телерадио корпорациясының (TRT) бас директоры Мехмет Захид Собажы сайланды.
Шамамен 3,5 миллиард көрермені бар, 65 елден 246 мүшесі бар, әлемнің ең ірі хабар тарату олағы болып саналатын Азия-Тынық мұхит аймағы Хабар таратушылар Одағының 60-шы Ассамблея жиналысы Оңтүстік Кореяда өтті. Жиын 31 қазан -1 қараша аралығында Сеул қаласында болды.
Жиналыста Түркия Телерадио корпорациясының бас директоры Мехмет Захид Собажы үш жылдығына ABU басшылығына сайланды.
Захид Собажы әлемегі ең ірі хабар тарату одағына төрағасы сайлануының Түркияның маңыздылығын көрсететінін айтты. «ABU төрағасы қызметінің Республиканың 100 жылдығына дөп келуі біз үшін қуантарлық оқиға. Ұлтымыз шарттар қандай болса да, мүмкіндіктері шектеулі болса да күресінен ешқашан бас тартпаған. Әрқашан мақсатына жеткен. Сондықтан әлемнің ең ірі хабар таратушы одағының мүмкіндіктері мен әлеуеті де осы мақсатта қолданылып, процесс мықты жүргізіледі» деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Түркиялықтар Палестина үшін шеру жасайды
Түркия бойынша 6 қазан жексенбі күні Палестинаға қолдау көрсету үшін шеру өткізіледі.
«Түрік Мемлекеттері Ұйымы ̶ халықаралық жүйенің жаңа синергия орталығы»
Президент Ердоған Түрік мемлекеттері ынтымақтастығы күнімен құттықтады.