29 Қазан Республика күніне орай басшылар құттықтауларын жариялауда

Саяси басшылар Республика күніне орай құттықтауларын жариялады.

2057350
29 Қазан Республика күніне орай басшылар құттықтауларын жариялауда

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Нуман Куртулмуш 29 қазан Республика күні мерекесіне орай әлеуметтік желідегі аккаунтынан хабарлама жасады.

Хабарламада «100 жылдық тарихы бар Республикамыздан алған күшпен жұмыс істеуді жалғастырамыз» деді. Куртулмуш «Сүйікті ұлтымыздың толық тәуелсіз Түркияны құру және қазіргі өркениеттер деңгейіне жету жолындағы сенімі мен күш-жігерін «Сөзі өткір және күші әсер ететін Түркия ғасыры» арқылы таң қалдыруға тырысамыз. Түркия Республикасы ретінде біз әр салада үлкен жетістіктерге қол жеткізген осы кезеңде құқықтың, жақсылық пен әділдіктің үстемдік ету үшін күресуді жалғастырамыз» деді.

Вице-президент Джевдет Йылмаз Республиканың 100 жылдығы құрметіне арнаған құттықтауында «Біз Түркия ғасырына Республикамызды бізге аманат еткен шейіттеріміз және ардагерлерімізден алған шабытпен кіреміз. «Түркия ғасырында», Біз ата-бабаларымыз аманат етіп қалдырған осы керемет Отанымызды, құндылықтарымыз бен Республикамызды мәңгі қорғауға бел будық. Түркияны әлемдегі көшбасшы елдердің біріне айналдыру үшін үздіксіз жұмыс істейтін боламыз» деді.

Республикашыл Халық Партиясының (РХП) төрағасы Кемал Кылычдароғлу да «Ұлы көшбасшы Мұстафа Кемал Ататүрік пен серіктері бастаған барлық шейіттерді құрмет және мейіріммен еске алып, халқымызды 29 қазан Республика күнімен құттықтаймын» деді.

Ұлтшыл Қозғалыс Партиясы (ҰҚП) төрағасы Девлет Бахчели де жолдауында «Түркия Республикасының 100 жылдығына лайықты ұлттық абыроймен жетудің зор мақтанышы мен ерекше құндылығын түсінеміз» деді.

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан болса «Бейбітшіліктің, парасаттылықтың, әділдік пен сенімнің символы Түркия ретінде еліміздің мүмкіндіктері мен қабілеттерінен күш алған ұлттық сыртқы саясатымызбен біз әділ бір әлем үшін батыл әрі табандылықпен қадамдар басуды жалғастырамыз.

Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер де «Біздің жұмысымызды Түркия ғасырындағы мақсаттарымызды қажымас қайрат және табандылықпен жалғастырамыз» деді.

Гүлер министрлік ретінде ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және республиканы мәңгі қорғау үшін өткен ғасырдағы ең ауқымды және қарқынды іс-шараларды жүзеге асырғандарын атап өтті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун болса өз жолдауында әлем тарихында бұрын-соңды болмаған күрестің, теңдесі жоқ табандылық пен қабілеттіліктің ең таңдаулы жұмысы ретінде Отанға, ұлтқа деген шексіз сүйіспеншіліктің ең көрнекті туындысы ретінде құрылған Республиканың 100 жылдық мерейтойына қол жеткізгені үшін өздерін мақтаныш пен бақытты сезінгендерін жеткізді.

Президенттің сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі бас кеңесшісі, елші Акиф Чагатай Кылыч болса Республиканың 100 жылдығын «Түрік ғасырында туымызды биікте желбіретеміз» деген мәлімдемемен атап өтті.

Кылыч «Жергілікті және отандық технологиялық қадамдармен республикамызды 2053 және 2071 стратегиялық нысанына жеткіземіз» деді.



Ұқсас жаңалықтар