Ердоған әлеуметтік желідегі аккаунтынан хабарлама жасады

Ердоған Түркияның Газа секторындағы гуманитарлық дағдарысты шешуге бағытталған қадамдарына тоқталды.

2053235
Ердоған әлеуметтік желідегі аккаунтынан хабарлама жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Таяу Шығыста алдымен атысты тоқтату, содан кейін тұрақтылық орнату үшін жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.

Президент Ердоған әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламада Сауд Арабиясының Жидда қаласында ұйымдастырылған Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) Атқару комитеті кезектен тыс отырысы Газа секторына жасалған шабуылдар және Түркияның көмегімен дағдарысты шешуге бағытталған қадамдарына тоқталды.

«Жиддада өткен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Атқару комитетінің кезектен тыс отырысын, Израильдің артып жатқан зұлымдығына қарсы Ислам әлемінің табандылығын, Палестина халқымен ынтымақтастығы мен Палестина мәселесіне қолдауын нақты түрде көрсетуі тұрғысынан жоғары бағалаймын» деген Ердоған 7 қазан күні басталған және бүкіл аймаққа тарау қаупі бар дағдарысты шешу үшін алғашқы күннен бастап қарқынды күш-жігер жұмсағандарын баса айтты.

Түркияның 17 жылдан бері қоршауда өмір сүрген Газа секторының жазықсыз халқына көмек қолын созуды жалғастырғанын тілге тиек еткен Ердоған «Дегенмен бейбітшілікті қамтамасыз ету талпыныстарымыз аймаққа әскери ұшақ тасығыштарының жіберілуі, Палестина халқына көмек көрсетудің тоқтатылуы және Газа халқын жаппай жазалау сияқты қадамдар себепті үзілді. Мүлдем әлсізденген БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тағы да өз жауапкершілігін орындай алмады. Адам құқықтары мен сөз бостандығы тақырыбында сөз қозғағанда тайсалмайтын батыстық елдер отқа май құюдан басқа қадам баспады. Халықаралық БАҚ өкілдері біржақты әрі екі ұдайы басылымдарымен қырғынды ақтау үшін жарысуда» деді.

Президент Ердоған алдынғы күні Әл-Ахли ауруханасына жасалған опасыз шабуылмен Газа секторындағы қырғынның басқа тұғырға көшкенін атап көрсетті.

Адамзатқа қарсы қылмыс болып табылатын және Газа халқына қарсы геноцид деңгейіндегі бұл шабуылды жасағандарды айыптағанын және 7 қазан күнінен бері жасаған мәлімдемелерімен отқа май құйғандардың да осы қырғынға жауапты екенін атап көрсеткен Ердоған «Түркия ретінде  атысты тоқтату, содан кейін тұрақтылық орнату үшін жұмысты жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар