Түркі мемлекеттерінің  ынтымақтастық күнімен құттықтады

3 қазан - Түркі мемлекеттерінің  ынтымақтастық күні

2045511
Түркі мемлекеттерінің  ынтымақтастық күнімен құттықтады

Түркия Түркі мемлекеттерінің  ынтымақтастық күнімен құттықтады.

Сыртқы істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде «1992 жылы «Түркітілдес елдердің мемлекет басшылары саммиті» ретінде басталған процесс мүше елдердің күшті ерік-жігері мен бірлескен күш-жігерінің арқасында бүгінгі күні толыққанды халықаралық ұйымға айналды» деп айтылды.

Мәлімдемеде Түркі Мемлекеттері Ұйымының жаһандық деңгейде жауапты және сезімтал аймақтық актер ретінде мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты қарқынды дамытып, тереңдетуді, ұлттық әлеуеттерді үйлестіруді, бейбітшілік пен тұрақтылыққа қызмет етуді мақсат еткені атап өтілді.

«Түркия түрік әлемін бірге күшейту және түрік ынтымақтастығын дамыту үшін күш-жігерін бәсеңдетпей жалғастырады» деп атап көрсетілді.

Түркі Мемлекеттері Ұйымының құрылуының негізін қалаған Нахчыван келісіміне қол қойылғанына 14 жыл толуына орай Түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығы күнімен шын жүректен құттықтайтыны айтылды.



Ұқсас жаңалықтар