Ердоған Анкарадағы лаңкестік шабуылға тоқталды

Ердоған PKK террористтері тарапынан  жасаған бомбалы шабуылына тоқталып, батыс елдерін сынға алды.

2045724
Ердоған Анкарадағы лаңкестік шабуылға тоқталды

Президент Ердоған Ақылдастар кеңесіндегі рәсімде сөйлеген сөзінде жексенбі күні ел астанасы Анкарада бөлшектеуші террор ұйымы PKK террористтері тарапынан  жасаған бомбалы шабуылына тоқталып, батыс елдерін сынға алды.

Әр жағынан қатыгез және опасыз террор ұйымымен бетпе-бет келгенін түсіндірген Ердоған «Егер террористтер залалсыздандырылмаса, онда олар шетелге қашып, саяси босқынға айналар еді. Біз достарымыздан айыптаумен қатар нақты қадам басуын көргіміз келеді. Терроризмді айыптайтын мәлімдемелермен біздің жараларымыздың жазылмайтыны баршаға аян» деді.

Ердоған дәлелге толы папкаларға қарамастан террорист басшыларына қарсы ешқандай қадам басылмағанын білдірді.  

Президент өз сөзінде азаматтық конституция талабына да тоқталды.

Ердоған «Азаматтардың еркіндік алаңын кеңейту идеалының басында елімізді төңкеріс конституциясынан құтқару бар. 1960 жылғы 27 мамыр төңкерісі арқылы Түркияның аяғына салған бұғауларын алып тастаудың уақыты келді» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар